Құпиясөзді енгізу әрекеттерінің санын өзгерту

Kaspersky Security Center пайдаланушысы құпиясөзді шектеулі рет енгізе алады. Осыдан кейін, пайдаланушы есептік жазбасы бір сағатқа бұғатталады.

Әдепкі бойынша, енгізу әрекеттерінің максималды саны 10-ға тең. Төмендегі нұсқауларды орындау арқылы құпиясөзді енгізу әрекеттерінің санын өзгертуге болады.

Құпиясөзді енгізу әрекеттерінің санын өзгерту үшін келесі әрекеттерді орындаңыз:

  1. Басқару сервері орнатылған құрылғының жүйелік тізімдемесін, мысалы, жергілікті түрде Бастау Орындау мәзіріндегі regedit пәрменінің көмегімен ашыңыз.
  2. Келесі бөлімге өтіңіз:
    • 32 разрядты жүйе үшін:

      HKEY_LOCAL_MACHINE\SOFTWARE\KasperskyLab\Components\34\1093\1.0.0.0\ServerFlags

    • 64 разрядты жүйе үшін:

      HKEY_LOCAL_MACHINE\SOFTWARE\Wow6432Node\KasperskyLab\Components\34\1093\1.0.0.0\ServerFlags

  3. SrvSplPpcLogonAttempts параметрі тізімдеме бөлімінде болмаса, оны жасаңыз. Параметр мәнінің түрі – DWORD.

    Бұл параметр Kaspersky Security Center орнату кезінде әдепкі бойынша жасалмайды.

  4. SrvSplPpcLogonAttempts параметрінің мәні ретінде қажетті әрекеттер санын көрсетіңіз.
  5. Өзгерістерді сақтау үшін ОК түймесін басыңыз.
  6. Басқару сервері қызметін қайта іске қосыңыз.

Құпиясөзді енгізу әрекеттерінің максималды саны өзгертілді.

Басына оралу